Төтенше жағдай кезінде 10 өрт сөндіруші зардап шеккен
Төтенше жағдай кезінде 10 өрт сөндіруші зардап шеккен
394
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері төтенше жағдай жарияланған күннен бастап әртүрлі әкімшілік, оның ішінде мемлекеттік меншік объектілерінде, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен бизнес субъектілерінде болған 117 өртті сөндірді, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Бұл ретте ТЖМ күштері өрт сөндіру кезінде 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдайларды жоюға жеке құрамнан 1 300-ге жуық адам және 250 бірлік техника жұмылдырылды. Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде 10 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде 1 қызметкер оқ жарақатын алды. Жеке құрам қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды", - делінген хабарламада.
 width= Өрт сөндіру кезінде жалпы 30 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы қирады. Тәртіп бұзушылар 7-еуін айдап әкетіп, оның 5-еуін өртеп жіберген. Тағы 25-і қирады.  width= Қазіргі уақытта 21 техника қалпына келтірілді, қалғаны іске жарамсыз.