Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері төтенше жағдай жарияланған күннен бастап әртүрлі әкімшілік, оның ішінде мемлекеттік меншік объектілерінде, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен бизнес субъектілерінде болған 117 өртті сөндірді, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Бұл ретте ТЖМ күштері өрт сөндіру кезінде 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдайларды жоюға жеке құрамнан 1 300-ге жуық адам және 250 бірлік техника жұмылдырылды. Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде 10 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде 1 қызметкер оқ жарақатын алды. Жеке құрам қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды", - делінген хабарламада.