Елімізге белгілі кәсіпкерлер Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударады.
Бүгін аталған қоғамдық әлеуметтік қор құрылып, оның басшылығына Болат Жәмішев тағайындалған болатын. Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.