Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-15.01.2022
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-15.01.2022
Фото: jooinn.com
102
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың батысында және орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді. Павлодар облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы облыстың орталығында және оңтүстігінде тұман,  көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Атырау облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасындатады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с -ке жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде 23-28 м/с -ке жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.