Алматыда техника дүкенін тонаған ер адам ұсталды
Алматыда техника дүкенін тонаған ер адам ұсталды
127
оқылды
Алматыда дүкен тонаған күдіктіні Наурызбай аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 жастағы  азамат Тимирязев көшесіндегі «Белый ветер» дүкенінен ұрлаған техниканы сатуға қойған. Полиция мәліметінше, қаскөй өзінің уақытша тұрғылықты жерінде ұсталды. Оның үйінен 7 ноутбук, 12 ұялы телефон, 3 флеш-карта, 2 колонка, 2 жұп құлаққап, ұялы телефонға арналған аксессуарлар, көзілдіріктің жиектері табылып, тәркіленді. https://www.youtube.com/watch?v=r0lDe7r9Shs&feature=emb_title Қылмыстың сыбайластары анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.