Павлодарда екі қабатты дәмхана өртенді

Павлодарда екі қабатты дәмхана өртенді

Павлодарда екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты. Өрт салдарынан нысанның шатыры қирады. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 16 қаңтарда сағат 9.03-те келіп түскен.

"Павлодарда Северная өндірістік аймағы 600 мекенжайындағы екі қабатты кафе ғимаратында ағаш конструкциялар толық жанып кетті. Өртенген аумақ 300 шаршы метр", - деді ведомство өкілдері.