Семейде жасырын есірткі зертханасы анықталды
Семейде жасырын есірткі зертханасы анықталды
250
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Семей қаласында ескірті зертханасын ұйымдастырған ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"15 қаңтарда Семейде жасырын зертхананы ұйымдастырған "А" есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды", - делінген ресми ақпаратта.
 width= Комитет мамандары 5 келі "а-PVP" психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіледі. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.