Алматылық полицейлер ұрланған киімдер сақталған пәтерді анықтады – Видео
Алматылық полицейлер ұрланған киімдер сақталған пәтерді анықтады – Видео
208
оқылды
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттарды уақытша сақтайтын қоймаға айналған пәтерді анықтаған. Пәтерде 5 адам ұсталды, –  деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл күдіктілердің “Asia Park” сауда үйінде орналасқан бірнеше бутикті тонағаны анықталды. Жеңіл ақшаға құныққандар сансыз киім мен аяқ киім, опа-далап және әйелдер аксессуарларын үптеп кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=BThnXJJ8qDY&feature=emb_title Олар ұрланған заттарды қоқыс қапшықтарына салып қойған. Көршілерінен алған тістеуік арқылы тауарлардағы магниттік жапсырмаларды алып тастаған.
«Ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені – 28-де. Олар – еліміздің басқа аймақтарынан келгендер», - делінген хабарламада.