Алматы мен өзге қалалардағы дүрбелең кезінде дүкендерді тек мародерлар емес, сондай-ақ қарапайым тұрғындар да тонаған. Ал енді олардың жазасы қандай болатынын заңгер Евгений Яровский "31 арнаға" берген пікірнде айтып өтті.
Егер ұры ұсталатын болса Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191 бабы бойынша "Тонау" фактісімен сотталады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 192 бабында айтылған "Қарақшылық" пен 196 баптағы "Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу" фактісімен де жауапқа тартылуы мүмкін. – Ұсталған азаматтың қылмысы анықталса үлкен айыппұл салынуы мүмкін. Себебі оларды мародерлер деп атай да алмаймыз. Өйткені мародерлер деп тек соғыс уақытында айтылады, ал бізде құдайға шүкір ондай жағдай емес, сондықтан жауапкершілікке тарту көзделеді, – деді заңгер. Айта кетейік ең ауыр жаза "Қарақшылық" бабында. Жазаланған жағдайда қылмыскер 3 жылдан аса абақтыда отыруы мүмкін. "Тонау" бабы бойынша қылмыскер 2 000 АЕК-ке дейін, яғни 6,1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді.