Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 17 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман түседі, көктайғақ. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығыста жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын, жаңбыр басымырақ жауады. 17 қаңтарда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман тусуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде жаяу бұрқасын болады. 17 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 17 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Ақтауда да көктайғақ болады. Елордада 17 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.