Полицейлердің заңсыз әрекетіне қатысты қанша арыз-шағым түсті?
Полицейлердің заңсыз әрекетіне қатысты қанша арыз-шағым түсті?
Фото: mail.kz
100
оқылды

Ішкі істер министрлігінің сенім телефонына полицейлерге қатысты арыз-шағым түсіп жатыр, – деп хабарлайды 24.kz.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың өтінішін, әсіресе, полицейлердің заңсыз әрекетін жіті тексереді. Бір тәулікте сенім телефонына азаматтардан 57 өтініш түсті. Оның ішінде, 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта» делінген ведомствоның жедел штабының мәліметінде.

Шағым көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жол мен ХҚКО-ның жұмыс істеуіне қатысты жазылған. Соның ішінде 17-сі полицейлердің заңсыз әрекеттеріне байланысты болған. Әрбір өтініш егжей-тегжейлі тексеріледі.

Бұған дейін Алматы Полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалғанын жазған болатынбыз.