Алматыда бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген 2601 адам ұсталды

Алматыда бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген 2601 адам ұсталды

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, бүлік, тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген 2601 адам ұсталды.

Арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысты 2 601 адам ұсталды. 127 қару мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.

Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Өткен тәулікте 102 пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», – дейді.

Бұған дейін Алматыда мәйітханаға шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.