Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Француз үйін тып-типыл етіп тонап кеткен, - деп жазады tengrinews.kz.
Сауда үйінің өкілі Марал Байбағысованың айтуынша, Француз үйі тұтастай тоналып, 5 миллиард теңгеден астам шығын келген.https://youtu.be/e7YZqoB-rrw Оның айтуынша, тонаушылар Француз үйін тонаған сәтте киімдерін жаңасына ауыстырып, ескі-құсқысын сол жерге тастап кеткен. Бейнебақылау камераларын сындырып, тас-талқанын шығарған. https://youtu.be/fTOUmTNhKKM Тіпті, бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбаларға қарағанда тонаушылар арасында балалы, жүкті әйелдер де болған. https://youtu.be/xuOBxBahhAg«Біздің барлық дүкенімізді тонап кетті. Орталық пен қатарынан 3 бөлімшені, әуежайдағы екі дүкенді де түгел тонады. Бренд маркалы тауарлардың, тіпті әрқайсысының бағасы 250 мың доллардан жоғары тұратын теріден жасалған бұйымдарды да тонап кетті. Шығын көлемі шамамен 5 миллиард теңгеден асады», – деді ол.
Қазіргі уақытта бейнежазбалар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Тергеуден соң ұрлықтың мән-жайы, ұрылардың әрекеті әшкере болады.