ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтан азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөр, 4 дана шетелдік паспорт мен 20 дана банк картасы табылды. Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.