Алдағы 3 күнде солтүстікте аяз, батыста жауын-шашын болады
Алдағы 3 күнде солтүстікте аяз, батыста жауын-шашын болады
© Радмир Фахрутдинов
577
оқылды
«Қазгидромет» РМК 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
Жақын арада Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны  Қазақстан ауа райына әсер ететін болады. Өзімен бірге ол республиканың солтүстігіне аязды алып келіп, жауын-шашынды тоқтатады.
«Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін циклон жылжуда,  жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстары күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлердегі термометр бағандары температураның түнде 10-25, батыста 5-15, оңтүстікте 0-15 аязға дейін төмендеуін көрсететін болады деп болжануда», – делінген хабарламада.