Министр ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
Министр ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
187
оқылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру туралы тапсырма бергенін мәлімдеді.
«Күн сайын маған азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді. Оның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағымдар, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер кеп түсті. ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі», – деп жазды министр Instagram парақшасында.
Министрдің айтуынша, ол өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқылаған.
Әділ Қожықовқа («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы – ред.) барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым, – деп жазады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.