Полицейлер ауыр жарақат алған әйелді құтқарып қалды
Полицейлер ауыр жарақат алған әйелді құтқарып қалды
Алматылық тұрғын Шолпан Бегайдарова өзін өлімнен арашалап қалған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шолпан Бегайдарованың айтуынша, кешкі уақытта Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында оның көлігіне оқ жаудырылған. Жарақат алған әйел айғайлап, көмек сұраған.
 – Сол кезде көктен құдай жібергендей біздің жігіттер пайда болды. ОМОН немесе арнайы жасақ. Олар мені тез көтеріп, шағын автобусқа отырғызды. Ол жерде менің қолымнан ұстап, есімді жиғызып, сөйлесіп отырған бір жігіт бар еді. Ол маған қазақшалап өмір сүресің деді. Олардың түр-әлпеттері есімде қалмады, барлығы бетперде, бас киім киіп алған. Олар қажетті уақытта керек жерде пайда болды. Олар болмаса, көлікте қиналып өлетін едім, – дейді Шолпан.
https://www.youtube.com/watch?v=o-mLO3OaSts&feature=emb_title