Imanbek тағы бір сыйлық алды

Imanbek тағы бір сыйлық алды

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтың ремиксі ТМД елдері ішінде Spotify-да 1 миллиардтан астам рет тыңдалған алғашқы музыкант атанды.

Spotify музыкалық қызметі Roses SAINt JHN композициясы үшін Иманбекті марапаттады. Қазіргі уақытта оның тыңдалым саны 1,5 миллиардтан асқан. Бұған дейін бұл марапатты Билли Эйлиш, Травис Скотт, Адель және басқа да ірі әлемдік музыканттар алған. Былтыр  Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясы үшін «Грэмми» (Grammy) сыйлығын жеңіп алған болатын.