Несие «астында қалған» зейнеткер

Несие «астында қалған» зейнеткер

Алған несиесін өтей алмай, қарызға белшесінен бат­қан­дар бүгінде көп кездеседі. Мұның барлығы қаржылық сауатсыздықтан туындайтыны белгілі. Жуырда «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келген зейнеткер 6 бірдей несие алып, оны төлей алмай отырғанын айтып, көмек сұрады. Ақмола облысы Әділет департа­мен­тінің жетекшісі Болат Мұқанов зей­неткермен кездесу барысында оған заң тұрғысынан кеңес беріп, қол­дау танытты. Ал зейнеткер несиені өтеу­ге зейнетақысы түгел кететінін ал­ға тартып, ай сайынғы төлемді азайту бойынша қолдау сұрады. Болат Өмір­жанұлы осы бағытта зейнеткерге кө­мек көрсететінін жеткізді. Себебі зей­неткерді түгел зейнетақысынан айыру заңға қайшы. Атқарған қызметі үшін ақысын ала алмай жүргендер де партиядан қол­дау сұрады. Мәселен, көкшетаулық аза­мат қоғамдық қабылдауға жазы­лып, арнайы шарт жасасқан азамат­тың қайтыс болғанын, сондықтан ауы­зекі тілде ақысын береміз дегенге се­ніп, алданғанын алға тартты. Әри­не, өтініш берушіге заң жүзінде ақы­сын алып беру қиынға соғатыны анық. Десек те, аңғалдық танытқан аза­­матқа барынша қолдау көрсетіле­тіні айтылды.

А.ЖАСАНҰЛЫ