18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы  
18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы  
Фото: qazaqstan.tv

«Қазгидромет» 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, әсіресе, қар жауады.

Тек қана батыс, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерге антициклон әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің күшеюі 18-23 м/с болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, күндіз батыста, орталықта жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен жел соғады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.