Сүйек жұтқан әйелді дәрігерлер аман алып қалды
Сүйек жұтқан әйелді дәрігерлер аман алып қалды
Фото: bmcudp.kz

Алматыда дәрігерлер тамағына сүйек тұрып қалған 54 жастағы әйелді аман алып қалды.

Орталық клиникалық аурухананың мәліметінше, жөтелген 54 жастағы әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Жасұлан Елемес науқасқа бронхоскопия жүргізіп, тамағына тұрып қалған сүйекті анықтады. Кеңірдекке тұрып қалған ұзындығы 2 см сүйекті алып тастады. Науқас тамаққа қақалып қалған. Тоқтаусыз жөтелген соң емханаға барған. Дәрігер жазып берген дәріні ішсе де, жөтелі тоқтамаған. Қайтадан ауруханаға келіп, тексеруден өткенде кеңірдегіне тұрып қалған сүйек бар екені анықталған.

Бұған дейін асқазанынан 100-ге жуық магнит шыққан қыз туралы жазған болатынбыз.