Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғып, итін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 5 қаңтар күні Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рүстембек Байқарашев жаппай ереуіл кезінде жарақат алып, Найтс атты итін жоғалтып алды.Жедел іздестіру нәтижесінде, ұры Алматы облысында ұсталды. 1989 жылы туған А. есімді тұрғынның ауласынан сарбаздың иті табылды. Қазір ұсталған тұрғынның ереуіл кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.«Шабуыл жасаған адамдар басымнан ұрды. Есеңгіреген сәтімді пайдаланып, қарғы бауы қолымда тұрған иісшіл итімді алып кетті», – дейді Байқарашев.
Бұған дейін Алматыда Француз үйін тонағандар арасында жүкті әйелдер де бар екенін жазған болатынбыз.