Бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Yedilov online Telegram-арнасы хабарлады.
"Экс Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісінің мәліметінше, оның үйқамаққа алынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.Бұған дейін Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлағанын жазған болатынбыз.