Желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежін қарулы адамдар оқтың астына алған сәті бейнеленген видео пайда болды. Nehabar Telegram-арнасы жариялаған видеода кортежге оқ жаудырып жатқанын көруге болады. Әкімдіктегілер видеода көрсетілген оқиғаны растады. Оқиға 6 қаңтарда Алматы әкімінің кортежі мен «Алматы» телеарнасының түсірілім тобы жедел штабтан әкімдікке келе жатқанда болған. https://www.youtube.com/watch?v=Yzod4Q15aEs