Елімізде ірі 4 жанармай құю станциясына қатысты тергеу басталды

Елімізде ірі 4 жанармай құю станциясына қатысты тергеу басталды

Дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты Helios, Sinooil, Газпромнефть-Қазақстан, PetroRetail жанармай станциясына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған қоса, 6 көтерме сатушы: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС қатысты тергеу жүргізілуде.
«Агенттік өңірлердің алыстығын ескере отырып, 180 күнге сұйытылған мұнай газының (автогаз) шекті бағасын белгіледі: батыс – 50 тг, оңтүстік - 60 тг, солтүстік – шығыс – 60-70тг. Агенттік күн сайын сұйытылған мұнай газының сатылым бағаларына мониторинг жүргізеді, уақытша белгiленген шекті бағалардан асырып сату фактілері анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабына сәйкес бағаны төмендету қажеттілігі туралы нұсқама, орындалмаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылады», − дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин.
Хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС тауар биржасы» АҚ сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты тергеу жүргізілуде.