«Террорист емес, тракторшы»: ауруханадағы жаралы азаматтар жаппай изоляторға қамалып жатыр
«Террорист емес, тракторшы»: ауруханадағы жаралы азаматтар жаппай изоляторға қамалып жатыр
326
оқылды
Бірінің бүйрегін алып тастаған. Енді бірінің екі қолына төрт оқ тиген. Тағы бірінің атылған оқтан бір көзі шығып кеткен. Алматыдағы СИ-18 мекемесінің алдына жиналған ата-аналар қамаудағы балаларының күйін осылай сипаттады. Алматы ауруханаларының жансақтау бөлімінен осындай диагнозбен шыққандарды тергеу изоляторына әкеп қамап, көбіне дерлік лаңкестік бабы бойынша айып тағылып жатқанына жақындары наразы, - деп хабарлады 31-арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы. Олар, қамауға алынғанның бәрі жауап беруге шамасы жоқ, іс атүсті қаралмаса, тергеу әділ жүргізілсе деп талап етіп отыр. «Террорист емес, тракторшы» күйеуіне бостандық сұрап, талабын қағазға жазып әкелгенде алматылық Тимур Кимнің жақындары. Тимур Мақсұтұлының келіншегі, 9 қаңтар күні автомат ұстаған адамдар үйге келіп, күйеуімді белгісіз бағытқа алып кетті. Екі күннен соң оны құқық қорғау органдары ұстағанын және күйеуіме лаңкестік бабы бойынша күдікті ретінде ауыр айып тағылғанын білдік дейді. Әйгерім Алшынбаеваның айтуынша, күйеуі қарапайым тракторшы. Болған оқиғаларға қатысы жоқ. Алайда соған қарамастан, қамауда жатыр.
"Тракторда жұмыс істейді. Оның дым қатысы жоқ. Бастығына барам да қайтып келем деген. Қайтарда қайта алмай қалды. Бір көзі жоқ, бір бүйрегі істемейді. Аяғы да жүрмейді уже", -деп жылайды Жасұлан Амангелдиевтің әйелі Әйгерім Алшынбаева.
Жақындарын ауруханада жоғалтқандардың көбі жарақат алған аға-іні, балаларын осы жерден тапты. ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты "ЛА-155/18" мекемесінің алды адамға лық толы. Басым бөлігі - Алматыдағы аласапыран кезде оқ тиіп, жарақатымен ауруханаға түскен күйі жоғалып кеткендердің жақындары.
"Екі қолына да төрт оқ тиген. Екінші операция болу керек. Енді қазір жатыр. Мен төрт баламен үйде отырмын", - дейді Жасұлан Жармахановтың әйелі Сайлагүл Ақтоқырқызы. "Бесі күні аяғына екі оқ тиіп, аяғы бөлініп қалған. 7-ауруханаға алып кеткен. 8 күні омондар ма, білмейміз, мемқызметкерлер алып кеткен", - дейді Ихсаниевтің жұбайы Альфия Досанова.
Еріміз жазықсыз сотталып кете ме деп қорыққандар изолятордың алдын таңғы сағат алтыдан бастап қорыған. Оқ тиіп жараланғандардың бәрі бірдей лаңкес емес. Кейбірі бейбіт шеруге шықты, кейбірі есік алдына дүкенге шыққандар дейді олар.
"Ол бала нанға шыққанмын дейді. Сөйтіп бір топқа түсіп қалған ғой деймін. Қайта қашып бара жатқанда резіңке ме, бірдеңемен атыпты", - дейді Жантөре Сапарәліұлының анасы Гүлмира Есбергенова.
Ал ет жақындарын көруге келген бір топ ана мен әйел мақсатына жете алмады. Енді тергеу әділ жүргізілсе дейді.
"Ешкім бізге хабар берген жоқ. Операциядан шыққан балалар. Осы жерде тұрған ата-аналар - бәріміз сұраймыз", - дейді Арман Тоқанның анасы Анаргүл Сәбитханова.
Ал СИ-18 мекемесінің өкілдері тілшілерге жауап беруден бас тартты. https://www.youtube.com/watch?v=1HNz6FavMAY