Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Атырауда тәртіпсіздік кезінде 18 жастағы сарбазды ұрып-соғып, көпірден лақтырып жіберген

Атырауда тәртіпсіздік кезінде 18 жастағы сарбазды бүлікшілер 6 метрлік көпірден лақтырып жіберген.

Рая Мінап Рая Мінап
Қаңтар 18, 2022
сарбаз

© nur.kz

2.9k
қаралым

Қаңтардың 5-і күні Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының жанында және оның маңында наразылық білдірушілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Наразылық білдірушілердің бірі автомат оғынан қаза тапты, екеуі жараланды, көпшілігі әртүрлі жарақат алды. Бірақ тәртіп сақшылары арасынан да зардап шеккендер көп болды, – деп хабарлады «Ақ Жайық» басылымы. 

Ресми мәлімет бойынша, 49 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 28 сарбазы жараланған. Олардың бірі – 18 жастағы сарбазды ұрып-соғып, орталық көпірден лақтырып кеткен.

– Өзім Түркістан облысынанмын, жеті ай бұрын әскер қатарына шақырылдым. Бұйрық бойынша облыстық әкімдікке қарай бет алдық. Ол жерде қалың топ болды, кейбіреулер агрессиямен сарбаздарды саптан шығарып, соққыға жықты. Біреулері олай жасамаңдар деп жатты, бірақ оларға құлақ аспады. Бұл қақтығыстар «Гинза» мейрамханасы мен орталық көпір жаққа қарай ұласты. Мені алты адам ұрып-соққан сияқты. Шегінуге тырыстым, олар менің артымнан қуды. Орталық көпірге жете бергенімде олар мені шамамен 6 метр биіктіктен лақтырып жіберді. Мұзға құлап, есімнен танып қалдым. Кейін есімді жинап, есеңгіреген күйде жолға шығып, такси ұстадым. Ол мені әскери бөлімге жеткізді. Сол жерден мені бірден ауруханаға жіберді. Дәрігерлер бронежилет пен каска болмаса, өліп немесе мүгедек болып қалатын едің деді. Ауруханада ем алдым, қазір өзімді азды-көпті қалыпты сезінемін, – дейді қатардағы жауынгер Н.

Тағы бір зардап шегуші – Оралдан шақырылған 19 жастағы сарбаз.

Оның айтуынша, облыс әкімдігінің алдында тұрған бірнеше адам оны ұстап алып, қатардан шығарып, ұрып-соға бастаған. Шабуыл жасаушылардың бірінің қолында арматураға ұқсайтын темір кесек болған. Бірінші соққыдан соң каскасы ұшып кеткен. Екінші рет осы темірмен бетінен соғып, оң көзін ойып жібере жаздаған. Сол кезде митингіге шыққан басқалар сарбазға көмекке келіп, оны ұрып-соғып жатқандардың қолынан алып, ауруханаға жіберген.

 

Тегтер: АтыраубүлікшілерЖаңалықтарсарбазтәртіпсіздік

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»