Алматыда жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетті
Алматыда жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетті
180
оқылды

15 қаңтарда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Оқиға Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 42-ші шақырымында болған. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 45 жастағы ер адамды тізгінінде 29 жастағы Талғар тұрғыны болған Mitsubishi Carisma көлігі қағып кеткен.  width= Қатты соққы салдарынан көлік те, жаяу жүргінші де жолдың қарсы бетіне ұшып түскен. Ал сол жолмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігі алдымен жаяу жүргіншіні қағып, одан соң көлікке соғылған. Екінші көліктің тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғыны болған. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ер адам Жамбыл ауылына анасының үйіне қонаққа келген. Қаралы ана ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай тап болғанын білмейді. Түнде ол өз жұмысымен үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.