«Төбемізден тас жауды» – Шымкентте бүлікшілер өрт сөндірушілерге қандай талап қойған?
«Төбемізден тас жауды» – Шымкентте бүлікшілер өрт сөндірушілерге қандай талап қойған?
Фото: ТЖД-нен алынды
200
оқылды

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Арслановтың айтуынша, бүлікшілердің шабуылына қарамастан, өрт сөндірушілер өртті сөндірген.

Қалалық әкімшіліктің алдында алғашқы көлік өртенгенде өрт сөндірушілер бірден сөндірмек болған. Алайда оқиға орнына жақындағанда бұзақылар тасты қарша боратқан. 5 өрт сөндіру автокөлігіне тас тиген. Қаруланған бір топ адам шабуыл жасап, қауіп төндірген.    width=
«Өртенген көлік әкімшілік ғимаратқа тым жақын орналасқан еді. Сондықтан көпқабатты ғимаратқа өрт тарап кету қаупі болды. Бұзақылармен арпалысып жүріп, өртті сөндірдік. Кейіннен жеңіл көліктер, автобустар өртке оранды. Тіпті алаңдағы мереке кезінде қойылған шыршаға дейін өртеді. «Көрме орталығы» өртке оранған кезде адамдардың көптігінен ғимаратқа өту қиын болды. Бұзақылар да өртті сөндіруге жол бермейтіндерін айтты. Полицейлер көмекке келген соң аумағы 260 шаршы метр орталықтағы алапат өртті сөндірді», – деді Қуаныш Арсланов.

Бұған дейін пәтерінің терезесін оқ тесіп өткен алматылық өртенген пәтерін көрсеткенін жазған болатынбыз.