Шетелде қалған туристер елге оралды
Шетелде қалған туристер елге оралды
Фото: news.liga.net

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шетелде қалған қазақстандық туристер елге оралды.

Атап айтқанда, 6-17 қаңтар күндері Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтты. 17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Таиландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист жуырда елге оралады. Шетелде қалған туристер 19 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады. Туроператорлар өз есебінен, Қазақстан елшіліктерімен бірлесіп, туристерді қонақүйлерге орналастырды.

Бұған дейін Алматы әуежайын бұзақылар талқандап, жолаушылар ұшағын ұшыру уақытша тоқтатылған еді.