Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Үкімет биыл 18 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Құжатқа сәйкес, «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды.Бұған дейін Президент «Оператор РОП» жұмысын тоқтату керегін айтқан болатын.