Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: ainews.kz
126
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, батыс пен оңтүстікте жауын-шашын жауады. Жел соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Елдің қалған аумағында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы төмендейді.
Батыста ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 3-11 градусқа дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20-28-ге дейін, күндіз 12-20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін күн жылынады. Кейде күндіз 10 градусқа дейін жылы болады.

Бұған дейін бірнеше өңірде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.