Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті ұсталды. Ол ұрланған қаруымен Геологтар көшесіндегі үйде тұтқындалды.
Үйді тінту кезінде бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, дүрбі тәркіленді. 38 жастағы Т.есімді ер адамның бұрын 4 рет, оның ішінде, адам ұрлағаны үшін де сотталғаны анықталды. Полиция азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапқа тартылмайды.Бүгін Алматыда төтенше жағдай аяқталса да, бірнеше көше қайта жабылды.