Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.