Алматыда ұялы байланыс орталығын тонаған 4 жігіт ұсталды
Алматыда ұялы байланыс орталығын тонаған 4 жігіт ұсталды
© polisia.kz
139
оқылды
Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды. Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефон ұрлаған төрт тонаушыны ұстады. Олар “Әйгерім-2” ықшамауданындағы жалдамалы баспанадан ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені 29 жаста болса, ең кішісі – 24-те. Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Ұсталғандар – Алматы облысынан келгендер. Олар қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы,  басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.