Наразылық кезінде Қытай әскери көмек бермекші болған
Наразылық кезінде Қытай әскери көмек бермекші болған
Фото: Кtovkurse.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде тәртіпсіздік болған кезінде Қытай тарапы әскери көмек беруге дайын болған. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, – деп хабарлады РИА Новости.

Министрдің айтуынша, Қытайдың әскерін қабылдауға құқықтық негіз болмағасын Қазақстан көмектен бас тартқан.
"Бірінші күннен бастап Қытай үкіметі президенттер деңгейінде байланыс орнатты. Мен де ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен байланыстым. ... Бірақ бізде ҰҚШҰ-дан басқа елдер мен ұйымдардан шетелдік күштерді қабылдаудың заңды негізі жоқ", – деді Мұхтар Тілеуберді.
Айта кетейік, 2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған халық наразылығы жалпыұлттық митингке ұласып, кейін кей өңірде тонау, зорлық-зомбылық және тәртіпсіздік болған еді. Осыдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрады.