Еркін Ботақанов Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
Еркін Ботақанов Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
316
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.