Экс-депутат Бекболат Тілеухан сотқа қатысып, Vesti.kg тілшісі Айнұр Коскинамен арада болған дауға қатысты пікір білдірді. Журналист экс-депутат өзіне қол көтерді және журналистік қызметіне кедергі келтірді деп айыптаған болатын. Бекболат Тілеухан журналистің сөздерін жоққа шығарды.
"Ол менен сұхбат алды. Оның мақсаты қандай да бір мәлімет алу емес, менің ашуыма тию болды. Біз лифтке кірдік. Ол мен оны ұрды деп айыптап отыр. Мен оны ұрған жоқпын. Штатив менің бетіме жақын жерде мұрныма тиіп тұрды, мен оны итердім. Сол жерде ол мен оны ұрғандай ойнап шыға келді", – деді Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылық сотының қашықтан өткен сот отырысында.Бұған дейін Бекболат Тілеуханның басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.