"Ақбұлақ" ықшамауданында оқ жаудырған алматылық Дужновтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Алматы қалалық соты мәліметінше, Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады.
"19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды", – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
20 қыркүйекте Алматы қаласының "Ақбұлақ" ықшамауданында 54 жастағы Дужнов айналасына оқ жаудырып, салдарынан 5 адам мерт болған еді.