Жедел іс-шараларды өткізу барысында Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақты сақтаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Күдікті қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағанын мойындады. Одан барлығы 10 бірлік “Макаров” тапаншасы, төрт бірлік “Калашников” автоматы мен екі шулы граната тәркіленді. Күдіктінің қалада болған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=DsMi_zLfOGQ