Донердің ішінен есірткі табылды
Донердің ішінен есірткі табылды
Фото: twitter.com

Қызылордада донердің ішінен есірткі табылды. Есірткі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан, – деп хабарлайды AstanaTV.

Cотталушыға келген заттарды тексергенде 3 донердің арасынан есірткі табылды. Арнайы сот сараптамасы табылған заттың кептірілген марихуана екенін дәлелдеді. Оны әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер тергеу барысында сотталушының  бұл іске қатысы бар екені анықталса, ол да жауапқа тартылады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК 169/5 мекемесі бастығының орынбасары Дархан Берікбай: «31 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды», – деді.

Бұған дейін торттың ішіне есірткі жасырғандар ұсталған еді.