Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қару таратқан күдіктілер ұсталды, – деп жазады polisia.kz.
Олардың жас шамасы – 19-20 жас аралығындағы ер адамдар екені анықталды. Күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға таратқан.https://youtu.be/U2fVrzK5x1k Алаңда қару таратып жатқан сәт қайғылы оқиға куәгерлерінің камерасына түсіп қалған. «Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматпен қорқытып тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім», – дейді күдіктінің бірі.«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар базардан ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың жеке басын, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Ал екіншісі «Біз қаланы көлікпен араладық, қару-жарақ дүкеніне бардық, ол кезде оны тонап жатты. Біздің көлікке қару тиеп, алаңға алып баруды бұйырды», – дейді.
Полиция мән-жайды анықтап жатыр.