Бұдан былай Instagram қолданушылары жаңа функция көмегімен қаржы таба алады. Әзірге «ақылы жазылу» функциясы тек АҚШ-та тесттік үлгіде іске қосылды. Егер жоба оң нәтиже көрсетсе, бұл функцияны бүкіл әлем пайдалана алады. Бұл туралы әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери өз аккаунтында жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Meta компаниясына тиесілі Instagram желісінің бұл бастамасы қолданушыларға өз контенті арқылы монетизацияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тесттік үлгіде жүзеге асқан жобаға күнделікті жаңа авторлар қосылуда. Жазылым құны әртүрлі бағаланады – 0,99-4,99 доллар аралығында. Ақысын төлеген қолданушылар арнайы жұлдызшамен белгіленген аккаунттардың эксклюзивті контентін тамашалай алады.