Таразда 1 жылда 864 дана люк ұрланған
Таразда 1 жылда 864 дана люк ұрланған
Тараз қаласында өткен жылы 864 дана люк ұрланған. Бұл жайында «Жамбыл су» мекемесі баян етті. Олардың сөзіне сүйенсек, кәсіпорынның теңгерімінде 16 мыңнан астам люк бар болса, 1 жылда соның  864 данасы қолды болған екен. Әр люктің орташа құны 27-28 мың теңге. Бүгінде бетон люктармен амалдап отырған мекеме биыл 2400 люк сатып алуға бюджетке өтінім берген. Алайда оның қаншауына нақты қаржы қаралатыны әзірге белгісіз. Бір жылда 366 күн бар болса, 864 санына қарап, күніне 3 люктен ұрланғанын аңғаруға болады. Ал бір люктің бағасы 28 мың теңге деп алсақ, қолды болған 864 дана люк мемлекетке 24 миллион теңге шығын келтіріп отыр.