Павлодарлық Анастасия Ставкованың қатерлі ісікке шалдыққаны 2019 жылы анықталды. Ол кезде Анастасия бар-жоғы 33 жаста еді. Қолында 5, 10 және 13 жастағы үш бала мен зейнеткер анасы бар. Өзі ІІ-топтың мүгедегі. Өмірінің соңғы күндерін ауруханада емес, жалдамалы пәтерде өткізген.
Ал Анастасия өмірден өткен соң, зейнеткер әже басында баспанасы болмағандықтан жиендерін қолына ала алмады. Сөйтіп, қарт әже үш жиенімен далада қалды. Осыны естіген павлодарлық волонтерлер қол ұшын созды. Олар екі күннің ішінде 17,5 миллион теңге жинап, үш бөлмелі пәтер сатып әперді. Бүгінде отбасы қажетті жиһаздармен жабдықталған жап-жаңа пәтерге көшті. – Аллаға шүкір, Настяның көзі тірісінде пәтер алып үлгердік. Жатқан жері торқа болсын! Көмегіміз осымен бітпейді. Оларды әрқашан қолдаймыз, – дейді волонтер Гүлжайна Даримова. Еріктілердің айтуынша, отбасының үй кезегінде тұрғанына 10 жыл болған. Бір кездері әкімдіктен де көмек сұраған. Өкінішке қарай, одан еш көмек болмады. [caption id="attachment_180095" align="alignnone" > ©caravan.kz[/caption]