Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп, көз жұмды
Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп, көз жұмды
Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті. Оның денесін екі құтқарушы алып шықты, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен. 18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі аумағында 1983 жылы туған азамат батып кетті. Куәгердің айтуынша, ол балық аулау үшін мұз қатқан каналдың ортасына қарай барған.
- Куәгер балық аулауға қажетті құралдарын ретке келтіру үшін теріс қараған, ал қайтып бұрылған кезінде ер адам мұздың астына түсіп кеткенін көрген. Ол дереу 112 нөміріне қоңырау шалған, – дейді департаментте.
Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері келді.