Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.