Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті
Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті
157
оқылды
Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, “Молотов” коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған. Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды. Өкінішке орай, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапты. https://www.youtube.com/watch?v=hcAqg-fDbxI