Алматы облысында ломбард тонағандар ұсталды

Алматы облысында ломбард тонағандар ұсталды

Алматы облысында зергерлік бұйымдарды тонаған екі адам ұсталды. Ломбард қожайыны 19 қаңтарда Қарасай аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне арызданып, 1 000 000 теңге сомасындағы алтын зергерлік бұйымдардың ұрланғанын айтқан. Оның айтуынша, есік бұзылған, ұрлық 2021 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында жасалған.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із кесушілер бір тәулік ішінде бұрын ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы Қарасай ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі ұсынылған дәлелдерден соң 6 қаңтарға қараған түні ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған заттарды шығарды", – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жәбірленуші полицейлерге құқық бұзушыларды тез ауыздықтағандары үшін алғыс білдірді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.