«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы Стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауды партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев жүргізді. Басқарма басшылары қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдады. Екі басқарманың да негізгі міндеттеріне сай келмейтіндіктен партияның назарына алынып, әлеуметтік салаға жауапты мекемелерге жолданатын болды. Тікелей эфир барысында жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету, баспана мен жалақы мәселелері, елді мекендердегі инфрақұрылым, секілді тағы да басқа сұрақтар қойылды. Басқарма басшылары барлық сауалдарға жауап беріп, өздерінің құзырына жатпайтын мәселелерді атап, жауапты мекемелерге жүгіну керегін түсіндірді. Осы орайда партия филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев барлық өтініштер мен сауалдар партияның назарына алынатынын айтты. Дегенмен салаға қатысты сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Мәселен, Түлкібас ауданындағы мектеп құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу, жаңа мәдени нысандар салу жайлы сұраққа облыстық Стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек биыл облыста мектеп құрылысы, жаңа мәдени нысандар соғу, инфрақұрылым, жол салу мәселелері бойынша республикалық бюджетке ұсыныстар әзірленіп жатқанын мәлімдеді. – Облыста 2019 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылып, көптеген нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылдың өзінде 8 нысанды қамту жоспарланған. Өңір бойынша жалпы 26 мектепті күрделі жөндеуден өткізуді қарастырудамыз. Барлық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырып, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс енгізу барысындамыз, – деді Қ.Әбдіразақұлы. Партияның облыстық филиалы әкімдер, мемлекеттік орган басшыларымен тұрғындарды жүздестіріп, көптеген мәселенің түйінін шешуге ықпал етіп келеді. Атап өтерлігі, 2021 жылы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 3 095 қабылдау жүргізіліп, 8,7 мыңнан астам азаматтың мәселелері назарға алынды. Оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдар, департамент, басқарма басшылары 683 жеке қабылдау жүргізіп, 1 515 азаматтың мәселесі қарал-ған.
А.ЖАСАНҰЛЫ